Қазақстан тарихы
Репост жасап, сақтап ал!

Тарихи терминдер

Авеста ертедегі парсылардың діни кітабы

Автономия (грек. өзін-өзі басқару) 1) мемлекеттің белгілі бір аймағындағы кең көлемді ішкі басқару; 2) бірыңғай Конституцияның негізінде басқарылатын мемлекеттің бөлінбейтін бөлігі.

Авторитаризм (лат. билік) қоғамның барлық жақтарын өзі не бағындырған, демократиялық қағмдаларды жоятын; жеке адамның шексіз билігі орнаған саяси билік жүйесі.

Аграрлық дағдарыс ауыл шаруашылығындағы өнімді артық өндіруден немесе кем өндіруден туатын дағдарыс. Ауыл шаруашылық тауарларының іске аспаған қорларының өсуінен, оларға деген базаның төмендеуінен, сұранысқа ие емес ауыл шаруашылық тауарларының бір бөлігін жоюдан, ауыл шаруашылығындағы ұсақ және орташа өндірушілердің күйзелуінің жылдамдауынан көрінеді.

Аграрлық мәселе (лат. agrius) 1) жер иелену, жерді пайдалануға байланысты мәселе; 2) өнеркәсіптен гөрі ауыл шаруашылық өндірісінің басымдығын сипаттайтын мәселе.

Адамдар тобы алғашқы адамдардың бірлесіп тамақ табу мен жабайы аңдардан қорғау үшін әуел бастағы ұжымы.

Адаптация қалыптасқан жағдайға бейімделу.

Адат (әдет) (араб. Адат салт-дәстүр) құқық, ислам таралған елдердің дәстүрлері мен салттарын қамтиды.

Адьютант әскери бастықтың жанында қызмет бабындағы әртүрлі тапсырмаларды орындайтын офицер.

Азамат соғысы бір мемлекеттің ішіндегі әлеуметтік күрестің неғұрлым өткір формасы, бір-бірімен жауласушы жақтардың (азаматтардың) үкімет билігі үшін күресі.

Азық-түлік салғырты Әскери коммунизм (1918-1920) кезеңіндегі ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау жүйесі, азық-түлік диктатурасы орнаған соң енгізілді. Шаруалардың күнкөрісі мен шаруашылық мұқтаждықтарына қажет азық-түлік, астықпен басқада өнімдердің артық бөлігін нақты бағамен мемлекетке міндетті түрде өткізу. Азық-түлік салғырты ауыл шаруашылығының дамуына кедергі болды.

Азық-түлік салығы азық-түлік салғыртының орнына 1921 жылы енгізілген жаңа экономикалық саясаттың (ЖЭС) негізін қалаған салық. Мөлшері көктемгі егін себуге дейінгі шаруашылықтың әлқуатына байланысты белгіленді. Азық-түлік салғыртынан анағұрлым аз болып, артық өнімдерін сатуға рұқсат етілді.Бұл шаруаларға өнім көлемін арттыруға ынталылық тудырды. 1923жылға дейін қолданылды.

Айбалта соғыс қаруы

Айқап журналы 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласында айына бір рет, кейін екі рет шығып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби журнал.

Айтыс суырыпсалма ақындардың ауызша өлең түріндегі сөз жарысы.

Айып қылмыс жасап, жазады болғандығы үшін заттай не ақшалай төленетін ақы.

Акция акционерлік қоғам қаржысына белгілі бір үлес қосқанын және соның табысына ортақ екендігін куәландыратын бағалы қағаз.

Акция құнды қағаз. Ол кәсіпорынға акционердің белгілі мөлшерде үлес-жарнасының қосылғанын куәландырады және оған меншікті иеленуге, түскен табысты бөлісуге құқық береді.

Ақ гвардия Қазан революциясынан кейін Кеңес республикасына, большевиктерге қарсы күштердің әскери құрамалары. Ақтар қозғалысының әскери күші Кеңес тәртібіне (Қызыл гвардияға) қарсылардың қарулы бірлестігі.

Ақсақал аталас туыстар билігін жүргізетін адам.

Ақинақ қолма-қол шайқаста қолданылған, ұзындығы 40-60 см, қысқа семсер. Скиф-сақ және иран тілді халықтарда кең таралған. Ақинақ қоладан құйылған, балдағы аң, жануар бейнесімен әшекейленген.

Ақсүйек хан, сұлтан, қожа ұрпақтары.

Ақын суырып салма, яки жазба өлең шығару қабілеті бойына туа дарыған шығармашылық өнер иесі.

Алаш ежелгі қазақ тайпаларының алғаш қауым болып біріккен одағы. Қазақ атауының көне баламасы.

Алаш автономиясы 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен ІІ Жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-аумақтық мемлекеттілігі (1917-1920 ж.)

Алаш қозғалысы ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.

АЛЖИР (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) Сталиндік тоталитарлық жүйе кезінде халық жаулары саналып, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлері мен қарапайым адамдардың әйелдері мен қыздары жазықсыз жазасын өтеген Ақмола облысындағы лагерь.

Алмас қылыш болаттың ең асылынан соғылатын батырлардың бес қаруының бірі.

Аманат кепілдікке берілген адам. Көрші мемлекеттің басшылары жасалған шартқа адалдық белгісі ретінде қазақ хандарының, сұлтиандарының, билері мен батырларының беделді отбасынан балаларының біреуін кепілге алатын болған.

Анимизм жануарлар мен заттарда және табиғи құбылыстарда мекен ететін ғажайып, тылсым мақұлұқтар кейіпіндегі жан мен рухқа байланысты ең ежелгі діни сенім. Анимизм ата-баба әруағына табынудан, жанның мәні өмір сүретіне сенуден айқын көрініс тапқан.

Аннексия бір елді немесе оның бір бөлігін екінші күшпен қосып алуы.

Антрапология адамның шығу тегі мен даму эволюциясын, адам нәсіпелдерінің пайда болуымен сыртқы биологиялық қасеттерін зерттейтін ғылым.

Аң стилі негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздардағы қиял-ғажайыптарды бейнелеу болып табылатын, б.з.б. VIII-II ғасырларда далалы аймақтарда сәндік сипатқа қолданылған өнер түрі.

Аңыз халықтың қиялынан туған таңғажайып оқиға.

Арба көлікке жегілетін тасымал құралы.

Арқан мықтылық үшін арнайы қыл қосылып жүннен есілетін ұзын жіп. Негізінен көші-қон, мал шаруашылығына қолданылған.

Арсенал қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери жабдық қоймасы.

Археология заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым. Археология атауы грекше архео – көне, логос – зерттеймін деген мағынаны білдіреді. Алғаш рет бұл атауды ежелгі грек философы Платон қолданған.

Арыс бірнеше рудың бірлестігі. Оны би басқарған.

Асар маусымдық жұмыстарды жүзеге асырудағы тұрмыстардың өзара көмегі.

Ассамблея Халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы

Ассимиляция саны аз, саяси-әлеуметтік ахуалы төмен халықтың өзінен басым халықтың құрамына біртіндеп сіңісіп кетуі. Бір халықтың екінші халықпен алаласып, ұлт ретінде жойылып кетуі.

Ат тұлдау қайтыс болған ер адамның тірі кезінде мініп жүрген атының жал-құйрығын күзеп, жылына дейін құр жіберу (мінбеу), асына сою.

Атабек хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі оның қамқоршысы.

Аукцион көпшілік алдында кім бағаны асырса, соған сатылатын бәсеке сауда.

Аумақтық-ұлттық автономия бір мемлекеттің шеңберіндегі саяси жағынан өзін-өзі билейтін ұлттық құрылымы (республика, облыс, аудан).

Ауыздық жүгеннің ат аузына салынатын темір бөлігі.

Ауыл басы ауыл билігін жүргізетін адам

Әскери коммунизм Кеңес мемлекетінің Азамат соғысы (1918-1920) жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық саясаты. Тез арада капиталистік элементтерді күштеп ығыстырып шығару жолымен социалистік қоғамды құру мүмкіндігі жөніндегі түсінікті бейнелейді.

Әскери-өндірістік кешен әскери қару-жарақ, құрал-жабдық және басқа әскери өнімдер өндіретін кәсіпорындар кешені.

Баға заттың құны, нарқы. Бағаны босату заттың өзіндік құнын белгілеу еркіндігі.

Баж (бадж) отырықшы гінші тұрғындардан жиналатын салық түрі.

Баж салығы мемлекеттік органдар алып тұратын ақшалай салықтың ерекше төлем түрі.

Байырғы (автохтонды) халық бұрыннан тұратын жергілікті халық.

Балама (лат. alter екінің бірі) бірін-бірі бекерге шығаратын екі немесе бірнеше мүмкіндіктің біреуін ғана таңдап алу қажеттігі.

Бал-бал – бабалар құрметіне қабыр басына қойылатын мүсін тас

Барбаросса жоспары фашистік Германияның КСРО-ға қарсы басқыншылық соғысы жоспарының құпия атауы.

Барымта жауласқан екі рудың бірін-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алып, кек қайтаруы.

Басқа қалалық адамдар 1917 жылға дейін казак әскерлерінің аумағында тұратын казак емес тұрғындар (шаруалар, мешандар, саудагерлер) осылай аталған.

Басқақ моғол хандарының жаулап алған елдерден алым-салық жинауға және халық санағын жүргізуге тағайындалған адамы.

Бастауыш мектеп медресе, мұсылмандардың орта және жоғары оқу орындары.

Басыбайлы шаруа Ресейдың 1861 жылға дейін тағдыры іс жүзінде помещиктер мен дворяндардың еркіне толық тәуелді болған ауылдық жердің тұрғыны.

Басымдық (лат. dominans басымдық, үстемдік ету) 1) үстемдік етуші идея; бір нәрсенің негізгі бөлігі немесе оның маңызды құрамдас бөлігі;

жүйесіндегі белгілі бір аймағының күшті қызу нәтижесінде басқаларына уақытша басымдық танытып, үстемдік көрсетуі.

Бата беру жақсы тілек білдіру

Бек феодалдық иелік қожасы, ру мен тайпа басшысы.

Беклер бегі ханның арнайы жарлығымен аймақты, ірі тайпаны немесе халықтар тобын басқаратын әскери қызметкер.

Бесеудің хаты – қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекинге жолдаған хаты (1932 жыл 4 шілде). Бастапқыда И.В.Сталинге арнап жазылған хат қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі саналады.

Бесжылдық, бесжылдық жоспар Кеңес өкіметінің 1929 жылдан бастап КСРО-ның әлеуметтік экономикалық дамуын межелеген мерзімді жоспарларының жалпылама атауы. Бірінші бесжылдық жоспары 1929-1932, Екінші бесжылдық жоспары 1933-1937 жылдарға арналды.

Бескіл түрік тілдес тайпа

Би әділдігі әрі тапқыр шешендігімен төрелік айту беделіне ие болған адам.

Бифас екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш құрал.

Боғдыхан қытай императорының монғол тіліндегі атауы.

Болос кейінгі полеолитте жіпке байланып, оқ есебінде қолданылған жомалақ тастар, Бұл тастар лақтырған кезде жануарлардың мойнына немесе аяқтарына оралып, құлататын өте тиімді қару болған.

Болыс әкімшілік-аумақтық бөлік, сондай-ақ осы бөлікті басқарушы лауазымды қызмет иесі.

Большевизм В.И.Ленин бастаған саяси қозғалыс пен саяси ойдың ағымы. РСДЖП ІІ съезінде (1903 ж.) басқарушы органдарды сайлау кезінде В.И.Лениннің жақтастары көпшілік дауысқа ие болып, большевиктер деп атала бастады.

Боз мақта матадан тоқылған кездеме.

Бөрі ежелгі түрік қағанатының дербес жасағының атағы.

Буржуазиялық революция негізгі міндеті феодалдық құрылыс пен оның сарқыншақтарын жою, буржуазия билігін орнату, буржуазиялық мемлекет құру болатын әлеуметтік революция.

Бұйда түйенің мұрындығына тағылатын бас жіп.

Бұлақ түрік тілдес тайпа.

Бұратана бодан, бағынышты, кіріптер жұрт, халық.

Білікшілер іс-қағазын жүргізушілер, хатшылар.

Бюрократия қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар үкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеуніктердің билігі.

Вақф, Вакуф мұсылман елдеріндегі діни немесе қайырымдылық ұғымдарының сыйға тартқан ие болмаса өсиет еткен түрде ұсынылған, салық салынбайтын, тартып алынбайтын мүлік (тиісті жер)

Вақф мешіттер мен медселердің жер иелігі.

Валюта бір мемлекеттің тұрақты ақша бірлігі.

Ведомство нақты бір мемлекетте қоғамдық өмірдің бір саласын немесе аясын басқаратын жіне мемлекеттік басқару органдары жүйесіне кіретін орталық мекеме.

Волюнтаризм (лат. voluntas ерік) 1) ерікті болмыстың жоғарғы қағидасы ретінде қарастыратынфилософиялық бағыт; 2) объективті шарттарды ескермейтін, ерікті шешімдермен сипатталатын әрекет.

Гарпун ұшы сүйектен жасалған, аңға қадалғанда шықпай қалатын ілмек кертігі бар сүңгі найза.

Геноцид халықтың жекелеген топтарын нәсілдік, ұлттық және діни белгілеріне қарай жою.

Геосаясат мемлекеттердің немесе мемлекет блоктарының аумақтық-кеңістік ерекше жағдайларының жергілікті, аймақтық, құрлықтық және әлемдік халықаралық үдерістердегі орны мен нақты тарихи ықпалын түсіндіретін теория.

Геосаясат мемлекеттің сыртқы саясатының географиялық факторларға аумағына, ауа райына, қазба байлықтарына, т.б тәуелділігі мен байланысын көрсететін тұжырымдама.

Гомонидтер адам тектес маймылдардың ең жоғары дамыған түрі.

Государственная дума заң шығарушы жоғары өкілетті орган.

Губерния облыстық ауқымдағы әкімшілік аймақ

ГУЛАГ лагерьлердің Бас басқармасы.

Гуньмо ежелгі үйсіндер басшысының, мемлекет билеушісінің лауазымы.

Гурхан Қарақытай мемлекетін билеушісінің лауазымы.

Ғазнауи әулеті Ғазнауи мемлекетіндегі түріктерден шыққан әулет.

Ғаныш бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы. Ол қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.

Ғибадатхана жалбарыну, сиыну, Құдайға құлшылық ететін орын.

Ғылыми-техникалық прогресс ғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы.

Даруғ, даруға ханның қаладағы әкімі, салық жинайтын т.б жұмыстар атқаратын өкілі.

Дастан Орта және Таяу Шығыс халықтарының жазба және ауызша әдебиетіндегі көлемді батырлық немесе махаббат поэмасы.

Дәнүккіш ұн жасау мақсатында бидайды үгітуге қолданылған тас құрал

Дәстүр (лат. tradition беру) ұзақ уақыт бойы белгілі бір қоғамдар мен әлеуметтік топтарда сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мұралардың элементтері.

Декабристер 1825 жылы Петербургтағы Сенат алаңында болған көтеріліске қатысушылар.

Декларация (лат. жариялау) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыты, партиялармен халықаралық ұйымдардың бағдарламалық ережелері жөніндегі ресми мәлімдеме.

Декрет (лат. қаулы) мемлекеттік жоғарғы органдардың заңдық күші бар құжаты (мысалы, Бітім туралы декрет, Жер туралы декрет 1917 жылы 27 қазанға (9 қарашаға) қараған түні Кеңестердің ІІ съезінде қабылданды).

Делегация мемлекеттің өкілетті-құқықты өкілдігі.

Демобилизация әскери қызметкерлерді міндетті қызметтен босату не отставкаға, резервке шығару.

Демобилизация соғыс үшін, сонымен бірге халық шаруашылығының барлық саласын бейбіт қалпына көшіру.

Демография халықтың құрамын, санын және өсуін зерттейтін статистика саласы.

Демократияландыру қандай да бір шараларды демократиялық (немесе неғұрлым демократиялық) негіздерде ұйымдастыру.

Депортация (лат. қуу) 1920-1940 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.

Депутат қалалық өзін-өзі басқару органының мүшесі.

Десятина 1,09 гектарға тең жер көлемі.

Дефицит тапшылық, жетімсіздік.

Дешті қыпшақ Қыпшақ даласы. ХІ-ХVІ ғасырларда қолданылған географиялық ұғым.

Диаспора этностың басқа мемлекеттің аумағында тұратын шағын бір бөлігі, бұрынғы өз отанынан алыс жерлерге қоныстанған адамдар.

Диверсификация өнім түрлерінің көрсетілетін қызмет түрлерінің, т.б. ұлғайтылуы, өзгертілуі.

Динар Шығыс елдерінің ежелгі алтын теңгесі.

Дискриминация адамды кемсіту, оның құқығын шектеу, әлеуметтік қорлау.

Диссидент басқаша ойлаушы. Кеңес мемлекетінің саясаты мен идеологиясын сын көзбен қабылдап, оны өз шығармашылығы мен қызметінде бейнелегендердің бәрі диссиденттерге жатқызылды. Диссиденттер қуғынға ұшыратылды. Көпшілігі қуғын-сүргіннің құрбандары болып, кейбіреулері шетелдерге кетті.

Дистанция Кіші жүз жеріндегі шекара шебі маңында тұратын қазақтарды басқару үшін құрылған әкімшілік бірлік.

Диуан 1) Моғол мемлекетіндегі атқарушылық билікті жүзеге асыратын орган; 2)Ресей империясындағы округтік орган.

Диуан мұсылман елдеріндегі әкімшілік және сот істері жөніндегі әкімшілік мемлекеттер.

Доктрина ілім, ғылыми, саяси теория, тұжырым. Шешуші теориялық немесе саяси қағида.

Дромос оба астындағы қабірге алып баратын, мәйітті тонаудан сақтап қалу үшін жасалған дәліз тәрізді үсті жабық өткел.

Дротик аңшылық және соғыс қаруы ретінде кейінгі палеолитте қолданылған, ұзындығы 120-140 см-ден аспайтын, лақтырылатын қысқа сапты ағаш найза.

Дуал балшықтан қаланып, биік етіп салынған қоршау.

Дулулар түрік тілдес тайпа.

Дулыға темір-телпек; соғыс кезі

Leave a comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *